Канц-Тенгри

ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ / ДОГОВОР ПУБЛИЧНОЙ ОФЕРТЫ

Интернет-дүкен / Интернет-магазин: https://kanz-tengri.kz

 

Негізгі терминдер

Основные термины

Келуші — сайтқа кіруді жүзеге асыратын, сайтта тіркелмеген жеке тұлға.

Посетитель – физическое лицо, осуществляющее посещение сайта без регистрации.

Пайдаланушы — тапсырыстарды рәсімдеу мақсатында сайтта тіркелген келуші.

Пользователь – Посетитель, прошедший регистрацию с целью оформления заказов.

Сатып алушы — интернет-дүкенде тапсырыс берген пайдаланушы.

Покупатель – Пользователь, оформивший заказ.

Акцепт — сатып алушының осы Оферта шартының талаптарымен толық келісімі.

Акцепт – полное согласие Покупателя с условиями Договора-оферты.

Сатушы — «Канц-Тенгри» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
БСН: 160440020763, Кбе: 17
Шот нөмірі:
KZ7396502f0008285825, ForteBank АҚ, БИК: IRTYKZKA
ҚҚС сериясы: 60001 №1189368 (28.04.2016 ж.)
Байланыс: +7 (727) 279-81-12, +7 (727) 220-98-58, қосымша +7 (707) 104 57 57
Мекенжайы: Қазақстан, 050004, Алматы қ., Чайковский к-сі, 22 үй, 104 кеңсе

Продавец – ТОО «Канц-Тенгри»
БИН: 160440020763, Кбе: 17
Номер счета:
KZ7396502F0008285825 в АО ForteBank, БИК: IRTYKZKA
Серия НДС: 60001 №1189368 от 28.04.2016 г.
Контакты: +7 (727) 279-81-12, +7 (727) 220-98-58, доб.
+7 (707) 104 57 57
Адрес: Казахстан, 050004, г. Алматы, ул. Чайковского, д. 22, офис 104

Тауар — «КАНЦ-ТЕНГРИ» интернет-дүкенінің сайтында жарияланған тауарлар.

Товар – товары, информация о которых опубликована на сайте.

Тапсырыс — сатып алушының интернет-дүкен сайты арқылы ресімделген тауарларды сатып алуға өтінімі.

Заказ – заявка Покупателя на приобретение товаров.

«КАНЦ-ТЕНГРИ» интернет-дүкені — интернетте орналасқан «КАНЦ-ТЕНГРИ» сайты.

Интернет-магазин «КАНЦ-ТЕНГРИ» – сайт «КАНЦ-ТЕНГРИ», размещенный в интернете по адресу https://kanz-tengri.kz.

Жеке Кабинет — интернет-дүкен сайтының арнайы жабық бөлімі, тапсырыс тарихын және т.б. басқаруға арналған.

Личный Кабинет – закрытый раздел сайта для управления учетной записью.

1. Жалпы ережелер

1. Общие положения

1.1. «Канц-Тенгри» ЖШС (бұдан әрі — Сатушы) тауарларды интернет-дүкен арқылы сатуды жүзеге асырады.

1.1. ТОО «Канц-Тенгри» (в дальнейшем — Продавец) осуществляет продажу Товаров через Интернет-магазин.

1.2. Сатып алушының интернет-дүкен арқылы тауарға тапсырысты ресімдеуі осы Шартпен келісімін растау болып есептеледі.

1.2. Оформление заказа считается подтверждением согласия с настоящим Договором.

1.3. Осы Шартқа енгізілген тауарларды сату шарттары ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып есептеледі.

1.3. Условия продажи считаются публичной офертой (ст. 395 ГК РК).

1.4. Сатушы Шарт талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Өзгертілген талаптар сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

1.4. Продавец имеет право менять условия Договора в одностороннем порядке.

1.5. Шарт пайдаланушы тіркелген немесе тапсырысты ресімдеген сәттен бастап жасалған болып есептеледі. Бөлшек сатып алу-сату шарты сатушы сатып алушыға төлемді растайтын құжаттарды берген сәттен бастап жасалған деп танылады.

1.5. Договор считается заключенным с момента регистрации или оформления Заказа.

2. Шарттың мәні

2. Предмет договора

2.1. Шарттың талаптарына сәйкес Сатып алушы сайтта орналастырылған тауарларды сатып алуға мүмкіндік алады.

2.1. Покупатель получает возможность покупать Товары, размещенные на сайте.

3. Сайтта тіркелу

3. Регистрация на сайте

3.1. Тіркеу мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: https://kanz-tengri.kz/create-account

3.1. Регистрация осуществляется по адресу: https://kanz-tengri.kz/create-account

3.2. Тіркеу барысында Сатып алушы сауалнаманы толтырады. «Заңды тұлға» түрін таңдағанда қосымша өрістер болады.

3.2. При выборе типа учетной записи «Юридическое лицо» появляются дополнительные поля.

3.3. Сатып алушы жеке кабинетіндегі ақпаратты өңдеуге құқылы.

3.3. Покупатель имеет право редактировать и менять свою регистрационную информацию в Личном кабинете.

3.4. Сатушы тіркеу кезінде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді.

3.4. Продавец не несет ответственности за достоверность информации, указанной Пользователем при регистрации.

4. Тапсырысты ресімдеу тәртібі

4. Порядок оформления заказа

4.1. Өнімнің нақты түрі сайттағы фотосуреттерден өзгеше болуы мүмкін. Сұрақтар бойынша кеңсеге хабарласуға болады.

4.1. Реальный вид Товара может отличаться от фотографий, размещенных на сайте. По всем вопросам можно обращаться в офис.

4.2. Тапсырысты рәсімдеу: өнімді таңдау -> себетке қосу -> «Менің себетім» бөлімінде ақпаратты толтыру.

4.2. Оформление Заказа: выбор Товара -> добавление в корзину -> оформление в разделе «Моя корзина».

4.3. Тапсырыс күші жойылған кезде Сатушы тауардың құнын заңнамада белгіленген мерзімдерде қайтарады.

4.3. При аннулировании или возврате частично либо полностью оплаченного Заказа Продавец возвращает Покупателю стоимость Товара в установленные законодательством РК сроки.

5. Тауарды Жеткізу

5. Доставка Товара

5.1. Тапсырысты орындау мерзімдері менеджермен келісіледі.

5.1. Конкретные сроки исполнения Заказа оговариваются менеджером.

5.2. Жеткізу Алматы қаласы бойынша (әл-Фараби, Тұрар Рысқұлов, ВОАД, Бауыржан Момышұлы шегінде) тегін жүзеге асырылады. Егер сома 10 000 теңгеден кем болса, ЖШС жеткізуден бас тартуға құқылы. Тек кеңсе қағазына бөлек тапсырыс берілмейді.

5.2. Доставка осуществляется бесплатно по городу Алматы (в пределах Аль-Фараби, Рыскулова, ВОАД, Момышулы). При сумме менее 10 000 тенге возможен отказ в доставке. Отдельно заказать только бумагу нельзя.

5.3. Жеткізу шығындарын Сатып алушы төлейді.

5.3. Расходы по доставке Товара оплачиваются Покупателем.

5.4. Тапсырыс Сатып алушының кінәсінен орындалмаса, сатушы жеткізу қызметіне ақы төлеуді талап етуге құқылы.

5.4. Если Заказ не исполнен по вине Покупателя, повторный вызов курьера оплачивается Покупателем.

5.5. Алушы байланыс деректері не тапсырыс құрамы туралы дұрыс емес ақпарат берген жағдайда сатушы жауапты болмайды.

5.5. Продавец не несет ответственности за ненадлежащее исполнение Заказа в случае предоставления Покупателем неточной информации.

5.6. Жеткізу сайтта «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

5.6. Доставка осуществляется в сроки, указанные на Сайте в разделе «Доставка».

5.7. Жеткізудегі кідірістер төтенше жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

5.7. Задержки в доставке возможны в связи с форс-мажорными обстоятельствами.

5.8. Жеткізу кезінде тауар сатып алушыға не көрсетілген үшінші тұлғаға беріледі.

5.8. При доставке Товар передается Покупателю либо третьему лицу, указанному при оформлении.

5.9. Алаяқтықты болдырмау үшін жеткізу қызметкері жеке куәлік пен сенімхат талап етуге құқылы.

5.9. Сотрудник доставки имеет право затребовать доверенность и документ, удостоверяющий личность. Юридическое лицо обязано поставить печать на накладной.

5.10. Тауарды тапсыру және құнын толық төлеу сәтінде тауар сатып алушының меншігіне өтеді.

5.10. Товар переходит в собственность Покупателя в момент вручения и полной оплаты.

5.11. Жеткізу кезінде барлық қажетті құжаттар беріледі.

5.11. При доставке передаются все необходимые документы (чек, накладная и т.д.).

5.12. Тауарды қабылдаған кезде алушы орамның тұтастығын және толықтығын тексеруге міндетті.

5.12. При принятии Товара Получатель обязан проверить целостность упаковки и соответствие заявленному ассортименту.

6. Тауар мен ақшалай қаражатты қайтару

6. Возврат Товара и денежных средств

6.1. Шағымдар болса, жеткізу қызметкері сәйкессіздіктер туралы акт жасайды.

6.1. При наличии претензий (брак, недовложение) составляется Акт о выявленных несоответствиях.

6.2. Қайтару кезінде акт, тізімдеме, қайтару нысаны және түбіртек қоса берілуі тиіс.

6.2. Для возврата необходимы: Акт, опись, бланк возврата, копия квитанции об оплате.

6.3. Ақшаны қайтару талабы 10 жұмыс күні ішінде қанағаттандырылады.

6.3. Возврат средств осуществляется в течение 10 рабочих дней.

6.4. Сатып алушы тиісті сападағы азық-түлік емес тауарды оған берілген кезден бастап 14 (он төрт) күн ішінде қайтаруға құқылы (егер пайдаланылмаса, товарлық түрі сақталса).

6.4. Покупатель вправе вернуть непродовольственный Товар надлежащего качества в течение 14 (четырнадцати) дней с момента передачи ему Товара (при сохранении товарного вида и свойств).

6.5. Тауардың жасырын кемшіліктері бойынша шағымдар өндіруші белгілеген кепілдік мерзімі ішінде қабылданады. Егер мерзім белгіленбесе — 30 (отыз) күн ішінде.

6.5. Претензии по скрытым недостаткам Товара (браку) принимаются в течение гарантийного срока, либо в течение 30 (тридцати) дней, если он не установлен.

7. Тауарға ақы төлеу

7. Оплата товара

7.1. Төлем қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

7.1. Оплата осуществляется наличным или безналичным расчетом.

7.2. Барлық есеп айырысулар теңгемен жүргізіледі.

7.2. Все расчеты производятся в тенге.

7.3. Тауардың бағасы сайтта теңгемен көрсетіледі.

7.3. Цена на Товар указывается в тенге на сайте.

7.4. Сатушы тауар бағасын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы (ресімделген тапсырыстардан басқа).

7.4. Продавец оставляет за собой право в одностороннем порядке изменять цены на сайте (не касается уже заказанных Товаров).

7.5. Сатушы жеңілдіктер мен бонустар жүйесін енгізуге құқылы.

7.5. Продавец имеет право вводить систему скидок и бонусов.

8. Тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі

8. Права, обязанности и ответственность сторон

8.1. Сатушы тапсырыстарды орындауды бөгде адамдарға беруге құқылы.

8.1. Продавец имеет право делегировать свои обязанности сторонним лицам.

8.2. Сатушы тауарларды дұрыс пайдаланбау нәтижесіндегі залал үшін жауап бермейді.

8.2. Продавец не несет ответственности за ущерб в результате ненадлежащего использования Товаров.

8.3. Міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.

8.3. За неисполнение обязательств Стороны несут ответственность согласно законодательству РК.

9. Құпиялылық және ақпаратты қорғау

9. Конфиденциальность и защита информации

9.1. Дербес деректерді өңдеу ҚР 21.05.2013 ж. №94-V Заңына сәйкес жүргізіледі.

9.1. Обработка персональных данных производится в соответствии с Законом РК от 21.05.2013 г. №94-V.

9.2. Сатып алушы логин мен парольді құпия сақтауға міндеттенеді.

9.2. Покупатель обязуется хранить в тайне логин и пароль.

9.3. Сайтта тіркеле отырып, Пайдаланушы дербес деректерін өңдеуге келіседі.

9.3. Регистрируясь на Сайте, Пользователь соглашается на обработку своих персональных данных.

10. Қосымша шарттар

10. Дополнительные условия

10.1. Интернет-дүкен уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.

10.1. Интернет-магазин может быть временно недоступен.

10.2. Қатынастар ҚР заңнамасымен реттеледі.

10.2. Отношения регулируются законодательством РК.

10.3. Даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмесе — сот тәртібімен шешіледі.

10.3. Споры решаются путем переговоров, при недостижении согласия — в судебном порядке.

11. Жарамдылық мерзімі

11. Срок действия

11.1. Келісім пайдаланушы тіркелген немесе тапсырыс берген сәттен бастап жарамды.

11.1. Соглашение признается действительным с момента регистрации на сайте или оформления Заказа.